русский язык
Хоккей

«Қазцинк-Торпедо» екі дүркін ЖХЛ-ның чемпионымен кездеседі

«Қазцинк-Торпедо» екі дүркін ЖХЛ-ның чемпионымен кездеседі

Бүгін Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы өз алаңында «Торос» (Башқұртстан, Нефтекамск) командасымен кездеседі.

Айта кетер жайт, «Торос» хоккей клубы - Жоғары хоккей лигасының екі дүркін чемпионы. Өткен маусымда ол финалға шыққан Қарағанды қаласының «Сарыарқа» командасын жеңіп, «Братина» кубогын иеленген болатын. Бүгінде «Торостың» еншісінде 30 ұпай бар. Жалпы турнирлік кестеде команда 3-ші орында тұр. Ал «Қазцинк-Торпедо» биылғы чемпионаттың фавориті болып саналады. Оның қоржынында 33 ұпай бар. Әзірше, бұл ең үздік көрсеткіш. Өскемен қаласының хоккей клубы жалпы турнирлік кестеде көш бастап келеді. Соған қарағанда, бүгінгі ойын аса тартысты өтпек.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;