русский язык
Бокс

Н. Назарбаев бокстан Әлем чемпионатының финалын тамашалайды

Н. Назарбаев бокстан Әлем чемпионатының финалын тамашалайды

Жиырма алтыншы қазанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда бокстан өтіп жатқан Әлем чемпионатының финалдық кездесулерін тамашалайды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлап отыр.

 Естеріңізге сала кетсек, 14 қазанда Алматы қаласындағы Болуан Шолақ атындағы спорт сарайында бокстан Әлем чемпионатының шымылдығы түрілген болатын. Байрақты бәсекеге 115 мемлекеттен 580 былғары қолғап шеберлері қатысуда. Бүгін дүбірлі доданың тоғызыншы күні. Әзірге қазақстандық төрт боксшы жартылай финалға жолдама алса, бүгін тағы бес баһадүріміз шаршы алаңға шығады. 


26 қазанда Әлем чемпионатының жабылу салтанаты өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;