русский язык
Бокс

Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатына толық барады

Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатына толық барады

Қазақстан бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатына толық құраммен қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Биылғы чемпионат - жылдың маңызды оқиғаларының бірі. Ол Жастар олимпиада ойындарының қарсаңында өтетіндіктен, оған деген қызығушылық аса зор. Өйткені жарыс спортшылар үшін Олимпиада алдында өзіндік сынақ алаңы міндетін атқарады. Қазірге дейін 33 елден қатысуға өтініш келді. 2014 жылы 16 ел, 2016 жылы 18, былтыр 23 ел қатысқанын ескерсек, биыл қатысушы елдердің саны рекордтық көрсеткішке жетуі мүмкін», - дейді Азия бокс конфедерациясының атқарушы директоры Бақдәулет Төреханов.

Турнирде 17-18 жастар аралығындағы бозбалалар мен қыздар күш сынайды. Яғни биылғы жарыс азиялық қыздар үшін алғашқы құрлықтық турнир, бұған дейін осы жас санатындағы боксшы қыздар тек әлем чемпионатына қатысқан болатын.

Б. Төреханов Азияда бокстың жақсы қарқынмен дамып келе жатқанын тілге тиек етті. «Соңғы жылдары бұған дейін бокстың дамуы кенже қалып келген Ауғанстан, Бутан, Йемен, Камбоджа, Лаос, Ливан, ОАЭ, Непал, Пәкістан, Солтүстік Корея секілді елдердің спортшылары да Азия чемпионаттарына белсенді қатыса бастағаны қуантады», - дейді ол.

Еске сала кетейік, бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты Таиландта 2018 жылғы 19-28 сәуір күндері өтеді. Қазақстан осы турнирге ұлдар және қыздардың толық құрамдарымен қатысады.

ÒазаÒÑÑан бокÑÑан жаÑÑÐ°Ñ Ð°ÑаÑÑндаÒÑ ÐÐ·Ð¸Ñ ÑемпионаÑÑна ÑолÑÒ ÒÒ±Ñаммен баÑадÑ

ÒазаÒÑÑан бокÑÑан жаÑÑÐ°Ñ Ð°ÑаÑÑндаÒÑ ÐÐ·Ð¸Ñ ÑемпионаÑÑна ÑолÑÒ ÒÒ±Ñаммен баÑадÑ

ÒазаÒÑÑан бокÑÑан жаÑÑÐ°Ñ Ð°ÑаÑÑндаÒÑ ÐÐ·Ð¸Ñ ÑемпионаÑÑна ÑолÑÒ ÒÒ±Ñаммен баÑадÑ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;