TasBet01
Әлем футболы

Аргентина мен Бразилияның жеңісіне сендік

Аргентина мен Бразилияның жеңісіне сендік
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін ұлттық құрамалар арасында көптеген жолдастық кездесулер өтеді.

Солардың арасында футбол жанкүйерлерінің басым көпшілігінің назары Германия мен Бразилия құрамлары арасында өтетін ойынға түсіп отырғаны жасырын емес. Соңғы өткен Әлем чемпионатының жартылай финалын Бразилия құрамасы еске алғысы келмейтіні жасырын емес. Өз жерінде өткен Әлем чемпионатының финалына шығамыз деген армандары Неймар жарақат алып қатардан шыққан соң сөне бастаған. Алайда немістердің өзі сол ойын алдында Бразилияны 7-1 есебімен ұтамыз деп ойламаған болар. Алаң қожайындары бұл ойыннан соң есін жия алмай үшінші орын үшін өткен ойында Голландиядан да оңбай ұтылған.

Одан бері көп нәрсе өзгерді. Бразилия құрамасында бірнеше бапкер ауысып қазіргі уақытта Тите команда тізгінін ұстаған. Тите келгеннен бері Бразилия қайтадан азулы қарсыласқа айналды. Қорғаныс пен шабуылда баланс пайда болды. Қазіргі Бразилия құрамасының кез келген ойыншысы қарсылас үшін қауіпті.

Ал Германия құрамасы болса елге төртінші чемпиондықты алып келген Иохим Лев бапкерді сақтап қалды. Спорттық мансабын аяқтап кеткен Лам мен Клозе жоқ демесеңіз өзгелері әлі де Германия құрамасы үшін әлі де жарамды. Олардан өзге тағы бір шоғыр жас таланттар өсті. Өткен жазда Лев мырза сол жастардан құралған құрамамен Ресейде өткен Конфедерация Кубогында топ жарған. Сол құрамада ойнаған біраз жастарды алдағы үш айдан соң басталатын Әлем чемпионатында көріп қалуымыз ғажап емес.

Бір қызығы бүгінгі ойынға тағы да Неймар қатыса алмайды. Ол қазіргі уақытта жарақатынан емделіп жатыр. Дегенмен Неймарсыз да Бразилия кез келген қарсыласқа қауіпті. Мейлі ол «Неміс машинасы» болсын

Болжам: Бразилияның жеңісі 2.54 коэфицент.

Ресейде өтетін Әлем чемпионатының басты фавориттері ретінде Бразилия мен Германиядан өзге Агрентина мен Испания құрамалары аталуда.

Бүгін сол екі құрама бір-бірімен кездеседі.

Букмекерлік кеңселер Испанияға басымдық беріп отыр. Алайда Аргентина да оңай ұтылатын команда қатарынан емес. Жеңіс кетсе де таң қалмаймыз. Италиямен лйынға араласа алмаған Месси бүгін жасыл алаңға шығуы тиіс. Құрамында Мессиі бар команданың аутсайдер болуы мүмкін емес. Игуаин мен Агуэро дедәл қазір бабында. Ал Испанияның қорғанысы мен орта тұсы мықты болғанымен шабуылы ширақ дей алмаймыз. Мората мен Коста бабын таба алмай жүрген шабуылшылар қатарында.

Болжам: Аргентинаның фора (0) мен жеңісі 3.16 коэфицент.

Екі болжамның қортындысы 8 коэфицентке тең.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер