Футзал

Қазақстан құрамасының ойыншысы «Барселонаға» ауысуы мүмкін

news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайрат» футзал клубының және Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Дуглас Джуниорға «Барселона» командасы қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды prosports.kz сайты sport.ua-ға сілтеме жасап.

«Барселона» басшылары қазақстандық клубпен Дугластың трансфері туралы келіссөздер жүргізіп жатқан көрінеді. Дегенмен, футзалшының «Қайратпен» 2023 жылға дейін жасалған келісімшарты бар. Әрі онда 500 мың еуро мөлшерінде өтемақы қарастырылған. Дәл осы қаржы мәселесі Дугластың Испанияға ауысуына кедергі келтіруі мүмкін.

«Барселонадан» бөлек Дугласқа тағы бір испиялық ұжым «Интер Мовистар» және португалиялық «Спортинг» клубтары да қызығып отыр.

Ал футзалшының өзі де Испан асуға қарсы емес секілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер