русский язык
Бокс

Жеңіліп көрмеген экс-чемпион Головкинге қарсылас болуға дайын

Бірінші орта салмақтағы бұрынғы чемпион, жеңіліп көрмеген америкалық Деметриус Андраде (25-0, 16 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) допинг тесттен өте алмай қалса Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) қарсылас болуға дайын екенін мәлімдеді.
Еске салайық, Головкинмен қарымта кездесуге екі ай қалғанда Альварестің қанынан кленбутерол допингісі табылған. Мексикалықтың командасы мұны уланған етпен байланыстырды. Дегенмен Невада штатының Атлетикалық комиссиясы Альваресті жекпе-жектерден шеттетті. Қорытынды шешім 10 сәуірде шығады.
Түпнұсқасы: kaz.tengrinews.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;