русский язык
Хоккей

«Барыс» «Адмиралды» жеңді

«Барыс» «Адмиралды» жеңді
Владивостоктың «Адмиралымен» кездескен Астананың «Барысы» 1:3 есебімен жеңіске жетті.
 
Ойын елордалықтар үшін сәтті басталды. 7-минутта Дмитрий Уппер есеп ашты. Алайда екінші тайм бастала сала «Адмирал» хоккейшілер есепті теңестіріп кетті. Шайба авторы - Игорь Бортников. Арада 7 минут өткенде «Барыс» алға шықты. Қақпа алдындағы қарбалас кезінде Михаил Паньшин шайбаны қақпаға енгізіп жіберді. Үшінші таймда Дмитрий Уппер дубль жасап, «Барыстың» жеңісін нығырлай түсті.
 
Бұған дейін қос клуб өзара кездеспеген еді. Бұл - «Барыстың» алғашқы жеңісі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;