Criminals
ММА

Тактаров: Балалар, кешіріңдер қастарыңдағы ересек адамдар ақылсыз ұрылар

Тактаров:  Балалар, кешіріңдер қастарыңдағы ересек адамдар ақылсыз ұрылар
news-banner7
mobile-news-top

Ресейдің Кемерево қаласында ойын-сайық сауда орталығында өрт шығып, балалар мен ересек адамдар көз жұмды, деп хабарлайды отандық басылымдар.

Бұл қайғылы оқиғаға қатысты бұрынғы UFC жауынгері Олег Тактаров көңіл айтып, Ресей азаматтарына жолдау жасады.

«Біздің балаларға кеңес, бұйрық және өтініш. Мен президент, төтенше жағдайлар министрлігі, кәсіпкер, құрылысшы емеспін. Мен тек маған сенетін қасымдағы адамдарға көмектесе аламын. Барлық есіктерді ашып, барлығын күресуге үйрете алмаймын.

Жарайды, эмоциялар көп болып кетті. Бүгін пікір білдірмегенім жақсы болар еді. Сібір, Кемерево, мен сендерге алаңдап отырмын.

P.S Тек өздеріңе сеніңдер! Балалар, кешіріңдер бірақ сендердің қастарыңдағы ересек адамдар қараңғы, қолдарынан түк келмейтін ұрылар. Ойлау қабілеті бар «тірі» адамдар, үміт сендерде. Сендер басқа азамат болады дегенге сеніп отырмын», - деп жазды Олег Тактаров.

Айта кетейік, бейресми ақпарат бойынша Кемереводағы ойын-сайық сауда орталығында шыққан өрттен 300 ден астам адам, оның ішінде 140-қа жуық бала ажал құшқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер