русский язык
Бокс

Белгілі футболшы Сауль Альваресті мазақ қылды

Белгілі футболшы Сауль Альваресті мазақ қылды

Футболдан Мексика құрамасының шабуылшысы Орибе Перальта өзінің отандасы, боксшы Сауль Альварестің допинг дауына қатысты Канелоны мазақ қылды.

«Инстаграмдағы» парақшасында Перальта өзінің стейк жеп отырған сәтін суретке түсіріп, «Мұнда кленбутерол жоқ» деп жазба қалдырды.

Футболшының парақшасына 788 мыңнан астам адам жазылған.

Айта кетейік, ақпан айында Альварестің қанынан допинг (Кленбутерол дәрісі) табылған. Алайда наурыздағы допинг-сынамаларда тыйым салынған препарат табылған жоқ. Альварестің командасы допинг Канелоның қанына бұзылған ет арқылы кіріп кетті деп айтқан еді.

Кейін Невада штатының атлетикалық комиссиясы Альваресті уақытша бокстан шеттетті. Нақты шешім 10 сәуірде қабылданады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;