TasBet01
Әлем футболы

Болгария – Қазақстан кездесуіне болжам

Болгария – Қазақстан кездесуіне болжам
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Қазақстан құрамасы Стоиловтың бапкерлігімен екінші жолдастық кездесуін өткізеді.

Болгариялық маманның Қазақстан құрамасы тізгінін ұстағаннан кейінгі алғашқы ойыны қазақстандық жанкүйерлерге үлкен қуаныш сыйлағаны анық. Күтпеген жерден Венгрия құрамасын жеңіп кеткен Қазақстаннан Болгариямен болатын бүгінгі жолдастық кездесуде де ерлік күтетініміз жасырын емес. Оның үстіне Болгария да азуын айға білеген алпауыт команда қатарында емес.

Кез келген командамен дұрыс ойын жүйесін таңдаған жағдайда иық тірестіріп ойнауға болатындығын Станимир Стойлов «Астана» бапкері болған тұсында сан рет дәлелдеген. Венгриямен болған ойында кездесудегі жалпы тотолдың 2,5-тен көп болатынын дәл болжағанбыз.

Стойловтың «Астанасы» алаңнан голсыз кетпеуші еді. Қазақстан құрамасына да жұғысты болса дейміз...

Болжам: Ойындағы жалпы тотол 2,5-тен көп 2.04 коэфицент.

Дәл осы кездесуге тағы бір болжам айтсақ дейміз.

Жалпы жолдастық кездесулерде сары қағаз сирек болады. Жолдастық кездесу болған соң да ойыншылар бір-бірін жарақаттап алмауға тырысып өте сақ ойнайды. Дегенмен бүгін Станимир Стойлов үшін ерекше ойын болмақ. Таразының бір басында өзі жаттықтыратын, нәпақасын тауып отымен кіріп күлімен шығып жүрген Қазақстан құрамасы болса, екінші басында өзі дүние есігін ашқан, футболдағы алғашқы қадамын жасап, жалпақ жұртқа Стоиловты танытқан туған елі Болгария құрамасы. Бүгінгі ойында Стоилов шәкірттері допқа талас сәтінде аяқтарын тартып қалады деу қиын. Сондықтан төреші қалтасынан сары қағаз бірнеше рет шығуы тиіс.

Болжам: Кездесудегі сары қағаз саны 2,5-тен көп 2.74 коэфицент.

Екі болжамның қосындысы 5.7 коэфицентке тең.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер