русский язык
Бокс

Головкин - Альварес жекпе-жегі қанша елде көрсетіледі?

Головкин - Альварес жекпе-жегі қанша елде көрсетіледі?

Мамыр айында қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасында өтетін жекпе-жек әлемнің 120-дан астам елінде көрсетіледі, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

- Бокс жанкүйерлері жекпе-жекті әлемнің 120 елінде көре алады. Алғашқы айқас спорт тарихындағы ең ірі жекпе-жектің бірі болған еді. Екіншісі одан да ауқымды, - деді Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Periscope-тағы трансляциясында.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек мамырдың бесіне жоспарланған. Алайда айқастың өтпей қалу қаупі бар. Өйткені Невада штатының атлеттер комиссиясы Сауль Альвареске допинг дауына байланысты шаршы алаңға шығуға уақытша тыйым салған болатын. Бұл іске қатысты соңғы шешім 10 сәуір күні қабылданады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;