Мовсисян Қазақстанды емес, Швеция чемпионатын таңдады

news-banner7
mobile-news-top

Армения құрамасының және мәскеулік «Спартак» командасының бұрынғы ойыншысы Юра Мовсисян мансабын Қазақстан Премьер-Лигасында жалғастырмайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

30 жастағы футболшы соңғы екі маусымды АҚШ елінде өткізді. MLS лигасында бақ сынайтын «Реал Солт-Лейк» клубында шабуылшы тәп-тәуір өнер көрсетті.

Армениялық ойыншыға қазақстандық бірнеше клубтың, оның ішінде «Астананың» қызығушылық танытқанын хабарлаған болатынбыз. Алайда Юра Мовсисян Қазақстанды емес, Швеция чемпионатын таңдады. Стокгольмдік «Юргорден» командасы армениялық шабуылшыны «Реал Солт-Лейк» клубынан жарты жылға жалға алған.

Юра Мовсисян Армения құрамасының сапында 34 ойынға қатысып, 9 гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер