Just Wrestling
Күрес

Данияр Қайсанов: Біздің де атой салатын кез келді

Данияр Қайсанов: Біздің де атой салатын кез келді
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасы «Олимпийский» спорт сауықтыру кешенінде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп алдағы жарыстарға дайындалуда. Осыған орай балуандарымызбен жолығып, соңғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Данияр Қайсановпен аз-кем әңігмелесіп қайттық.

- Данияр, жаттығулар қалай өтуде? Алда қандай жарыстарға қатысу жоспарда бар?

- Жаттығулар әдеттегідей өтіп жатыр. Қазіргі таңда ұлттық құрамамен бірге оқу-жаттығу жиынында шеберлігімді шыңдап жатырмын. Жақын арада Америка құрама штаттарына аттанамыз. Ол жақта Нью-Йорктегі Бил Фарелл халықаралық турнирі мен Айова сити қаласында өтетін Әлем кубогына қатысу жоспарланып отыр. Өздеріңіз білетіндей Ресей, Әзірбайжан, Куба елдерімен бір топта күш сынасамыз. Ал басты жарыс сәуір айының соңында Алматыда өтетін Қазақстан чемпионаты болып тұр.

- Биылғы Қазақстан чемпионатына еліміздің белді балуаны Ақжүрек Таңатаров қатысады деген ақпарат жүр. Әзірге Ақжүректің қай салмақта белдесетіні белгісіз ...

- Ел чемпионатының қорытындысы бойынша Азия ойындарына қатысатын құрама іріктеледі. Ал Азия ойындарында олимпиадалық салмақтар ғана болғандықтан көптеген балуандарымыз сол олимпиадалық салмақта белдесуге тырысады. Сол себепті Ақжүрек ағамызбен жолымыз түйісу де мүмкін. Ақжүрек Таңатаров біздің елдің мерейін әлемдік аренада асқақтатқан даңқты балуандардың бірі. Алайда біздің де атой салатын кез келді. Айта кететін жайт, біздің салмақта Болат Сақаев, Жігер Закиров сынды мықты балуандар жеткілікті. Сонымен қатар, басқа да жас балуандар бар. Олардың барлығы осал қарсылас емес. Өз басым мұндай бәсекелестікке оң көзбен қараймын. Нақ мықты жеңіске жетіп, ел намысын әлемдік аренада қорғауы тиіс.

- Сұхбатыңызға рахмет! Алдағы жарыстарда жеңіс тілейміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер