русский язык
АВТО/МОТО

«Astana Dakar» үздік ондыққа енді

«Astana Dakar» үздік ондыққа енді
«Астана» командасы беделді деп саналатын «Марокко» раллидегі жарысын аяқтады.
 
Жарыс аталмыш елдің аумағында 13-19 қазан аралығында өткен болатын. Қатысушыларға жалпы қашықтығы екі мың шақырымнан асатын аса күрделі жолмен жүруге тура келді. «Astana Dakar» командасына тиесілі үш жеңіл экипаж құрамының екеуі үздік ондыққа енді.
 
HiLux Overdrive автокөлігімен Т1 санаты бойынша жарысқа қатысқан Айдын Рахымбаев пен Константин Жильцов сондай-ақ Бауыржан Исабаев пен Ғабдолла Әшімовтың экипажы бәсеке қорытындысы бойынша 6-шы және 8-ші орындарды иеленді. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;