RomaSport
Басқа

«Алтай» командасы бүгін Таразбен үшінші ойынын өткізеді

«Алтай» командасы бүгін Таразбен үшінші ойынын өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Шымкентте футболдан ҚР Кубогінің алдын ала ойындары өтуде. Бұл сында Сергей Тимофеев бастап барған шығысқазақстандық команда сәтті өнер көрсетуде.

Ең алдымен «Алтай» ұжымы наурыздың 10 мен 20 аралығында Шымкенттегі оқу-жаттығу жиынында болып, дайындықтарын пысықтады. Одан кейін ең алғашқы ойынын «Екібастұз» командасымен өткізіп, 6:1 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті. Қарсылас қақпасына алғашқы допты Константин Заречный соғып, голдар сериясын бастап берді. Осыдан соң, «Алтай» командасы тағы бес доп соғып қарсыласын сан соқтырды. Келесі ойында павлодарық «Ақ-Бет» ұжымымен жолы түйісіп, бұл ойында да алтайлықтардыңдың бабы келісіп, 4:0 есебімен тас-талқан етіп ұтты. Енді ҚР Кубогіне алдын ала ойындарының соңғы кездесуін «Алтай» командасы «Тараз» құрамасымен өткізеді. Осыдан барып 1/8 ойындарына жолдама алған команда есімі белгілі болады. Теңбіл доп бәсекесінде алтайлықтар 21 ойыншымен өнер көрсетуде, оның ішінде барлығы кілең жергілікті ойыншылардан тұрады. Айта кетейік,бірінші лиганың регламентіне сәйкес, командаға үш легионер ойыншы алуға болады. Ал бұл ретте шығысқазақстандық ұжым сәуірдің үшіне дейін бірқатар жаңа ойыншылармен толығуы мүмкін. Жалпы, ҚР Кубогінің алдын ала ойындарына барлығы 13 ұжым қатысуда. Оның тек төртеуі келесі кезеңде өнер көрсетуге мүмкіндік алады. Ендігі екі ойынын «Алтай» құрамасы сырт алаңда өткізбек.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер