русский язык
Футзал

«Қайрат» «ВИЗ-Синарадан» жеңілді

«Қайрат» «ВИЗ-Синарадан» жеңілді
«Қайрат» футзал клубы Ресей елінің Екатеринбург қаласында «ВИЗ-Синара» командасымен жолдастық кездесу өткізіп жеңіліс тапты. 
 
Алматылықтардың негізгі құрамында мына ойыншылар шықты: Игита, Сүлейменов, Бетао, Лео, Лео Сантана. «ВИЗ-Синара» шабуылшысы Афанасьев брінші голды соғып есепті ашты. Бірнеше минуттан кейін екатеринборлықтар тағы алға шықты, гол авторы - Агапов. Арада 4 минут өткенде Денис Аширов 3:0-ге жеткізді. Артынша Аширов дубль жасап бірінші таймды түйіндеді.
 
Үзілістен кейін алматылықтар есепті теңестіруге тырысқан. Бетао бір голды қайтарды, артынша Лео көзге түссе, Сүлейменов үшінші голдың авторы атанды. Дегенмен ресейліктер Ивановтың көмегімен бесінші голдарын соқты. Ал 34-ші минутта Алешандре тағы бір доп қайтарып есепті қорытындылады -  5:4.
 
Ертен Астана уақытымен сағат 10.00-де қарымта ойын өтеді.
 
Жолдастық кездесу.
«Синара»-«Қайрат» - 5:4 (4:0)
Голдар: Афанасьев 3, Агапов 8, Аширов 12, 19, Иванов 29 - Бетао 21, Лео 28, Сүлейменов 28, Алешандре 34
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;