Жаға ұстатты

Смақов «Ақтөбенің» бір қарызын өз атынан төлеген

Смақов «Ақтөбенің» бір қарызын өз атынан төлеген
news-banner7
mobile-news-top

«Ақтөбенің» бас директоры Самат Смақов клубтың бір қарызын өз атынан өтеп берген. Бұл туралы «Диапазон» газеті жазды.

Қазақстан футболшылары одағының басшысы Айгерім Сабыралиеваның айтуынша, ФИФА «Ақтөбеге» бразилиялық ойыншы Витор Жуниордың алдындағы қарызды өтеуге ақпанның аяғына дейін уақыт берген. «Ақ-қызылдар» Жуниорға 7,5 миллион теңге қарыз болыпты.

Бірақ былтырдан бергі қаржылық мәселелердің салдарынан салық қызметі клубтың есепшотын бұғаттап тастаған. Клуб ақшасын пайдалана алмаған Смақов 23 ақпанда өз атынан Виторға қарыз соманы төлеп беріпті.

Бразилиялық футболшы бұл ақшаны алғанын ФИФА-ға тек 15 наурызда ғана растаған. Артынша, «Ақтөбе» ойыншылары клубқа қойылған трансферлік тыйымды алып тастауды сұрады. Осылайша, Қазақстан чемпионатының 3-турында «Қайратқа» қарсы матчта «Ақтөбе» негізгі құраммен ойнай алады. Бұған дейінгі екі турда жастар ойнаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер