русский язык
Бокс

Головкиннің негізгі қарсыластары анықталды

Головкиннің негізгі қарсыластары анықталды

Орта салмақтағы әлем чемпионы жерлесіміз Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер боксшымыздың келесі қарсыласы ретінде кімді таңдайтынын айтты.

«Менің жұмысым алдағы жекпе-жектерді ұйымдастыру, ал Генаның жұмысы Стивенске қарсы өтетін жекпе-жекке дайындалу. Головкиннің кіммен шыққанын қалайтынымды білгілеріңіз келсе, қазіргі кезде ең лайық қарсылас ретінде Серхио Мартинесті атауға болады. Ал Хулио Сесар Чавес орта жартылай ауыр салмақтарда белді боксшы. Келесі жекпе-жекті осы боксшыларға қарсы өткізсе жақсы болар еді», - дейді Головкиннің промоутері.

«Сонымен қатар, Мигель Котто және Андре Уордты да ұмытуға болмайды. Бұл екеуі расында өте танымал әрі Генамен кездесуге әбден лайық боксшылар. Питер Куиллин де жаман боксшы емес, өз басым оны қатты қадірлеймін. Ол бүгінге дейін бір де бір қарсыласынан жеңілмеген. Қазір Куиллин Нью-Йоркте өнер көрсетіп жүр, біздің қарым-қатынасымыз өте жақсы. Бұл жекпе-жекті ұйымдастыру үшін келіссөздер өткізуіміз қажет», - дейді Леффлер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;