русский язык
Бокс

Бокстан ӘЧ. Бүгін бес боксшымыз шаршы алаңға шығады

Бокстан ӘЧ. Бүгін бес боксшымыз шаршы алаңға шығады

Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатының 1/16 финалында құрама сапындағы соңғы 4 боксшымыз да кеше өз қарсыластарынан басым түсті.

Берік Әбдірахманов (60 келі) пуэрто рикалық Ланиелито де ла Росаны 2:1, ал Данияр Елеусінов (69 келі) Багам аралының өкілі Вах Карлды, Әділбек Ниязымбетов (81 келі) фин Вилли Хукканенді 3:0 есебімен ұтты.

Бүгін Біржан Жақыпов (49 келі), Қайрат Ералиев (56 келі), Мерей Ақшалов (64 келі), Жәнібек Әлімханұлы (75 келі), Антон Пинчук (91 келі) өздерінің екінші кездесуін, яғни 1/8 финалдық ойындарын өткізеді. Олардың қарсыластары өзбекстандық Хасанбой Дусматов (49 келі) Рустам Тулаганов (91 келі), қырғызстандық Өмірбек Малабеков (56 келі), доминикандық Карлос Адамес (64 келі), мексикалық Жуан Меркадо (75 келі) болмақ.

                

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;