Қысқы

Допты хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ӘЧ-ның қола жүлдегері

Допты хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ӘЧ-ның қола жүлдегері
news-banner7
mobile-news-top

Допты хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Ресейдің Ульяновск қаласында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 17 жасқа дейінгілер арасындағы дүниежүзілік додада қазақстандықтар жартылай финалда әлемдегі мықтылардың бірі - Швеция құрамасына 0:6 есебімен есе жіберді.

Қола жүлде үшін бәсекеде қазақстандықтар Финляндия құрамасымен айдынға шықты. Бұл ойында қазақстандықтар финдерді бет қаратпай, 5:1 есебімен ұтты. Әсіресе, Дәурен Оралов төрт бірдей голдың авторы атанып, айрықша көзге түсті. Тағы бір допты Ершат Амангелдиев соқса, бұған финдерден Кевин Ларссон жалғыз голмен жауап қайырды.

Алтын жүлде үшін финалда Ресей мен Швеция құрамалары таласады. Айта кетейік, Қазақстан командасы «Ақжайықтың» жасөспірім ойыншыларынан құралды. Бұдан бұрын Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 1998 жылы Оралда өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған еді. Осы үздік жетістік жиырма жылдан кейін қайталанып отыр

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер