Вайсс: Аршавиннің келетінін білсем «Қайраттан» кетпес едім

Вайсс: Аршавиннің келетінін білсем «Қайраттан» кетпес едім
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайраттың» бұрынғы бас бапкері Владимир Вайсс жақында bombardir.ru сайтына көлемді сұқбат берді. Сұқбат барысында Вайсс Қазақстан жайлы, Алматыдағы қызметі жайлы да сұрақтарға жауап берді деп хабарлайды prosports.kz сайты.

- Қазақстан - өте бай ел. Футболды дамытуға жақсы жағдайлар жасалып жатыр. Инфрақұрылымдары да жаман емес. «Астана» мен «Қайраттың» спорттық базасына қарасаңыз бәрін түсінесіз. Былтыр Астана қаласында өткен Экспо-2017 көрмесінің өзі ол елдің әлеуетін әйгілеп берді. Қазақстанның ірі қалаларында тек футболды ғана емес, басқа да спорт түрлерін дамыту үшін мүмкіндіктер жеткілікті.

- «Қайрат» командасындағы жұмысыңызға және нәтижеңізге көңіліңіз тола ма?

- Біз Қазақстан кубогын екі рет жеңіп алдық, Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығуға да өте жақын болдық. Әрі жыл сайын біз «Астанамен» бірінші орынға таласып жүрдік. Бірақ, шынымды айтсам, мен өзіме тапсырылған басты міндетті орындай алмадым. Ол - Қазақстан чемпионатын жеңіп алу тапсырмасы болатын.



- «Қайрат» командасынан өзіңіз кеттіңіз бе, әлде сізді жұмыстан босатты ма?

- Жоғарыда айтқанымдай, біз Чемпионатты жеңе алмадық. Ал клуб президенті Қайрат Боранбаев ел біріншілігін жеңіп алғысы келді. Мен бұл мақсатқа жету үшін командада бір нәрсені өзгерту керек деп шештім. Сол үшін командадан кетуге бел байладым. Мені ешкім жұмыстан қуған жоқ, өз еркіммен кеттім. Клуб басшылығымен қатынасымыз жақсы. Мен «Қайраттың» чемпиондық атақты жеңіп алуына тілектеспін. Шынымды айтсам, командаға Аршавин және Венгрия құрамасының ойыншысы Акош Элек келген соң олар өткен маусымда чемпион болар деп күткен едім. Алайда, ол үмітім ақталған жоқ.

- Сонша жақсы келісімшартты, жылы орныңызды тастап кеткеніңізге өкінесіз бе, мүмкін тағы бір жыл қалуыңыз керек пе еді?

- Ең алдымен сүйікті футболшым Андрей Аршавинмен жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылғаным үшін өкінетінімді мойындаймын. Мен оны жақсы білемін және құрметтеймін. Андрей - үлкен талант. Мен әрдайым оны командамнан көргім келер еді. Егер оның «Қайратқа» келетінін ертерек білген болсам, командадан кетпеуім де мүмкін еді. Бірақ, бұның бәрі өткеннің еншісінде қалды. Қазір айтудың еш мәні жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер