Венгриялық БАҚ: Масқара – Қазақстаннан ұтылып қалдық

Венгриялық БАҚ: Масқара – Қазақстаннан ұтылып қалдық
news-banner7
mobile-news-top

Blikk.hu сайты Венгрия – Қазақстан (2:3) арасындағы жолдастық матч туралы материал жариялады.

«Масқара: Венгрия Қазақстаннан 2:3 есебімен ұтылып қалды. Жорже Леекенс үшін ұлттық құраманың бас бапкері қызметіндегі өте нашар дебют. Ол команданы жігерлендірмей, тактика таба алмады. Бұған дейін Андорра мен Люксембургтен ұтылған соң Венгрия құрамасы таратылған болатын. Енді міне тағы бір түсініксіз жеңіліс – бұл жолы Қазақстаннан. Қонақтар бұған дейін 13 матч бойы жеңіске жете алмаған. Масқара ойын біздің командаға сенімділік берген жоқ. Бұл Леекенстің трагедиялық «премьерасы» болды», - деп жазды сайт.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан сырт алаңда Венгрияны 3:2 есебімен ұтқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер