Бокс

Альварес уақытша бокстан шеттетілді

Альварес уақытша бокстан шеттетілді
news-banner7
mobile-news-top

Невада штатының атлетикалық комиссиясы мексикалық Сауль Альваресті уақытша бокстан шеттетіп тастады.

Комиссияның атқарушы директоры Боб Беннеттің айтуынша, Альвареске қатысты отырыс 10 сәуірде өтеді. Сол жиында боксшының алдағы тағдыры белгілі болады.

«Мистер Альварестің 17 және 20 ақпанда тапсырған допинг-сынамасынан тыйым салынған препарат Кленбутерол табылғандықтан Невада штаты атлетикалық комиссиясының атқарушы директоры оны уақытша бокстан шеттетті», - делінген хабарламада.

Ал Альварестің өкілдері комиссияға Канелоға қатысты қажетті құжаттардың бәрін беруге дайын.

Естеріңізге сала кетсек, ақпанда Альварестің екі допинг-сынамасы оң нәтиже көрсеткен болатын. Ол 5 мамырда қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер