Қазақстан жастары Франциядан оңбай ұтылды

Қазақстан жастары Франциядан оңбай ұтылды
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Астанада Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында көшбасшысы Франция жастар құрамасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы таймда есеп ашылмады. Талғат Байсуфиновтың командасы тегеуірінді қарсыласына төтеп беріп, қақпасын құрғақ сақтап қала алды. Алайда екінші тайм бастала салысымен шабуылға шыққан қонақтар Қазақстан жастарының қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Алдымен 52-ші минутта Дембеле есепті ашса, арада төрт минут өткенде Жан-Кевин Огюстен есепті еселей түсті. Тағы үш минут өте салысымен Жонатан Бамба командасының үшінші голын соқты. Осылайша, бар болғаны 7 минуттың ішінде үш гол соққан француздар жеңді.

Алты ойыннан кейіп 18 ұпай жинаған Франция жастары топтың айқын көшбасшысына айналды. Ал қоржынында 10 ұпайы бар Словения құрамасы екінші сатыда. Қазақстан жастары үздік үштікті қорытындылап тұр.

Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі.

Қазақстан (U-21) - Франция (U-21) - 0:3 (0:0)

Голдар: 52' Мусса Дембеле, 56' Жан-Кевин Огюстен, 59' Жонатан Бамба

Қазақстан U-21: Закиров, Мажитов, Сламбеков, Абикен, Жұматов, Федин, Соколенко, Калмуратов, Әбілғазы, Сарсенов, Вороговский.

Франция U-21: Бернардони, Боскальи, Диалло, Дьяхаби, Ндомбеле, Тусар, Дембеле, Лопес, Бамба, Розье, Огюстен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер