Әлем футболы

Жолдастық кездесулерге болжам

Жолдастық кездесулерге болжам
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Қазақстан құрамасы Венгриямен жолдастық кездесу өткізеді. Құраманың жаңа бапкері Станимир Стоилов еліміздегі мықты саналатын барлық ойыншыларды құрамаға шақырды. Жастарды да бүгін алаңға шығарып көретіндігін ашық айтқан. Дегенмен алаңдағы басымдық «Астана» ойыншыларына берілетіні түсінікті.

Венгрия құрамасы қатарында қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс Акош Элек мен Ласло Кляйнхайслер де бар.

Бүгін Станимир Стоилов ұлттық құрамада қандай ойын жүйесін ұстанатынын білетін боламыз.

Қалай дегенмен де болгариялық маман төрт жыл бойы жаттықтырған «Астана» командасының алаңнан голсыз кеткен кезі сирек. Бүгін де Қазақстан құрамасы кемінде бір гол соғуы тиіс. Ал Венгрия болса ойынның фовариті. Осы жайттың бәрін ескере отырып ойындағы жалпы тотол 2,5-тен көп деген болжамға келіп отырмыз. Букмекерлік кеңселер бұл болжамға 1.86 коэфицент беруде.

Бүгін ФИФА ұйымының күнтізбесінде жолдастық кездесулер өткізетін күн деп белгіленген.

Жазда Әлем чемпионатын өткізетін Ресей құрамасы өз жерінде Бразилия құрамасын қабылдайды. Егер Әлем чемпионаты дәл қазір басталса Ресей құрамасы топтан шыға алмай қалатын сыңайлы. Черчесов әлі күнге дейін Ресей құрамасына ойын жүйесін таңдап бере алмай келеді. Қорғаныста сауатсыз, орта тұста қате көп, шабуылы сылбыр. Ал Бразилия құрамасының қарқыны қатты. Тите бапкер орыстарды неймарсыз ақ қалпақпен ұрып алуға қабілетті.

Болжам: Бразилияның жеке тотолы 2,5-тен көп 3.11 коэфицент.

Екі болжамның қортындысында 5.9 коэфицентке ие боламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
алғашқы голды казакстан 58 минутта исламхан соғады
Жауап беру