Спорт жаңалықтары
Басқа

Алматыда абыз жүр

Алматыда абыз жүр
news-banner7
mobile-news-top

Қазақ жұрты наурыз мерекесін тойлап жатқан тұста Алматыға алыс Жапониядан қадірлі қонақ келді. Халықарлық Мейбукан Годзю-рю Карате-до Ассоциациясының құрметті президенті, Карате-додан 10-дан иегері Мейтацу Яги 21 наурыз елімізге арнайы сапарын бастады.

Мейтацу Яги мырза карате әлемінің көзі тірі аңызы есепті кісі. Оны Окинавалық дәстүрлі каратенің атасы деп те атайды. Карате спортының дәстүрлі бағыты саналатын Годзю-рю Каратенің әлемге танылуы үшін еңбек етіп жүрген тұлға. Ол кісінің карате әлеміндегі қадір-қымбатын түсіндіру үшін, каратенің негізін салған Канрио Хигаоннаның төл шәкірті Мейтоку Ягидің туған ұлы екенін де айта кетейік.

Халықарлық Мейбукан Годзю-рю Карате-до Ассоциациясының 62 мемлекетте федерациясы бар. Аталған федерация Қазақстанда да жұмыс ітеп келеді. Яги ақсақалдың Алматыға ат басын бұруына еліміздегі осы спорт түрімен айналысып жүрген азаматтар мұрындық болып отыр.

Карате ұстазы Қазақстанда 21-27 наурыз аралығында болады. Осы аралықта бірнеше шеберлік сабақтарын өткізіп, 24 наурыз күні өткелі отырған Мейбукан Годзю-рю Карате-додан Қазақстан чемпионатының басы-қасында болмақшы.

Meibukan Martial Arts Club суреті.

Ұйымдастырушылар қадірлі қонақ Алматыға келген алғашқы күні арнайы баспасөз конференциясын өткізді. Алматы жұртшылығының алдында сөз алған ақсақал арғы-бергіні қозғап көп сөйлемесе де, қойылған сұрақтарға толық жауап беріп, тұшымды ойларымен бөлісті.

Годзю-рю Карате спортының адамзатты сау денелі өмір салты мен ізгілікке шақыратынын, ерекшелігі ұрыс жүргізу болғанымен, мақсаты тек төбелес емес екенін түсіндірді. Бүгінде әлемге спорттық карате танымал болғанымен, дәстүрлі каратенің де салмағы еш төмен емес екенін еске салып өткен Яги мырза, спорттық каратеден табысқа жеткен спортшылардың жас мөлшері 30-40-тарға келгенде дәстүрлі каратеге бет бұратынын ерекше атап өтті.

Аталған спорт түрінің әлемде жақсы дамып келе жатқанын айта келіп, Қазақстан жұртшылығының да Годзю-рю Каратеге көп қызығушылық танытатынын жеткізді. Әсіресе, осының алдында өткен әлемдік чемпионаттарда Қазақстаннан барған спортшылар шеберлігімен, төзімділігімен ерекше есінде қалған көрінеді.

Meibukan Martial Arts Club суреті.

Алматыда өткен баспасөз жиынына Халықарлық Мейбукан Годзю-рю Карате-до Ассоциациясының құрметті президенті Мейтацу Яги мырзадан бөлек, ҚР Мейбукан Годзю-рю Карате-до федерациясының президенті Нұрлан Керімбаев, қазақстандық федерацияның атқарушы директоры Нұраддин Садықов, қазақстандық федерацияның вице президенті Ермек Абақов, РФ Томск облысы Годзю-рю Карате-до федерациясының шеф-инструкторы Вячеслав Рогозин және Годзю-рю Карате-додан Әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Жандәулет Бекзада қатарлы азаматтар қатысты.

Баспасөз маслихатына жиналған жұртшылық пен журналистер қауымы қонақтарға сұрақтар қойып, ой ортақтасты.

Мейтацу Ягидің Алматы сапарының екінші күні Алматы облысы Есік қаласында, үшінші күні Алматы қаласында шеберлік семинарлары өтті. Әлемдік деңгейдігі карате ұстазының шеберлік сабағына қатысқан спортшылар жекпе-жек алаңында да, өмір сапарында да азық болатын білім мен тәжірибеге қанықты.

Nuraddin Sadykov суреті.

Ұйымдастырушылар ертең,
24 наурыз күні Мейбукан Годзю-рю Карате-додан Қазақстан чемпионаты өтетінін айтып отыр.

Farhad Nalibaev суреті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер