Бокс

Бейбіт Шүменов боксқа не себепті қайта оралады?

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Спортшы денсаулығына байланысты қиындықтар, бірнеше рет ота жасалғаны және шаршы алаңға қайтып оралғаны жайлы айтып берді. Шүменов қазақстандық жас боксшыларға кәсіпқой боксқа өту үшін не істеу керектігін айтты. Сонымен қатар, ол Мейірім Нұрсұлтанов, Мадияр Әшкеев, Батыр Жүкембаев, Данияр Елеусінов, Қанат Ислам және Жәнібек Әлімханұлы туралы пікір білдірді. Бейбіт Шүменов ағылшын тілін үйренуге бірнеше жыл жұмсағанын және қазіргі уақытта испан және италиян тілін үйренгісі келетінін айтады. Боксшы жақсы қыз тауып, үйленгісі келетінін жасырмады.

Сондай-ақ, ол өз компаниясы жайлы айтып берді - Шүменов жас боксшылардың танылуына көмектесіп жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер