Қысқы

Роман Еремин биатлоннан Әлем кубогында 29-шы болып келді

news-banner7
mobile-news-top

Ресейдің Тюмень қаласында биатлоннан Әлем кубогының соңғы кезеңі басталды.

Ерлер арасындағы спринт сайысында франциялық Мартен Фуркад жеңіске жетті. Осылайша, ол Әлем кубогының жалпы есебінде бірінші орын алды. Спринт жарысында екінші орынды оның отандасы Симон Дестье иеленсе, үзідк үштікті швециялық Фредрик Линстрем қорытындылады.

Қазақстандықтар арасындағы ең жоғары нәтижені Роман Еремин көрсетті – 29-шы орын. Владислав Витенко, Тимур Хамитгатин мен Василий Подкорытов ТОП-50-ден тыс қалды.

Биатлоннан Әлем кубогының IX кезеңі, Тюмень, Ресей

Ерлер

Спринт, 10 шақырым

1. Мартен Фуркад (Франция) – 25:49.0

2. Симон Дестье (Франция) - +33.2

3. Фредрик Линстрем (Швеция) - +33.5

…29. Роман Еремин (Қазақстан) - +2:01.0

51. Владислав Витенко (Қазақстан) - +2:44.3

65. Тимур Хамитгатин (Қазақстан) - +3:46.5

80. Василий Подкорытов (Қазақстан) - +5:20.5

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер