Бокс

Сойлыбаевтың тұжырымындағы чемпион алдағы жоспарымен бөлісті

news-banner7
mobile-news-top

Бірінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBC чемпионы Мигель Берчельт шаршы алаңға мамыр немесе маусым айында шығады.

Естеріңізге сала кетейік, дәл осы салмақта қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаевтың да кәсіпқой бокстағы карьерасы WBC тұжырымы бойынша өрбіп жатыр. Осыдан бір жыл бұрын екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде WBC International чемпиондық белбеуін жеңіп алған жерлесіміз қазір келесі жекпе-жегіне Астанада дайындалып жатыр.

Ал Мигель Берчельт осы салмақта WBC тұжырымының толыққанды чемпионы. Шаршы алаңға мамыр немесе маусым айында шығып, чемпиондық атағын ерікті түрде қорғайды. Ал одан кейін өзінің отандасы Мигель Романға қарсы айқасып, белбеуін міндетті түрде қорғайды. Бұл туралы боксшының промоутері Фернандо Бельтран мәлімдеді.

– Біз қазір қызу келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Берчельтттің қашан және кіммен айқасатыны келесі аптада белгілі болатын шығар. Бізде әлі ерікті қорғауға уақыт бар. Шілдеге дейін міндетті қорғау туралы ойламаймыз. Одан кейін ғана Мигель Романға қарсы міндетті қорғау жекпе-жегімен айналысамыз. Ал жылды үлкен жекпе-жекпен жауып, өзге тұжырымның чемпиондарын шаршы алаңға шақырамыз, – деді ESPN Deportes агенттігіне Фернандо Бельтран.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер