«Астана» әлемдік рейтингінде Англия мен Италия клубтарынан биік тұр
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызТанымал Clubworldranking.com сайты әлемдегі үздік 1000 футбол клубының рейтингін түзді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рейтингтің көшін Мадридтің «Реал» (18 062 ұпай) командасы бастады. Екінші орынға - «Барселона» (16 198) жайғасса, үздік үштікті «Атлетико» (14 392) түйіндеді. Бір қызығы, алғашқы үш орын испаниялық командаларға тиесілі болып шықты. Сондай-ақ үздік 10 команданың ішінде оңтүстікамерикалық командалар енген. Атап айтқанда бразилиялық «Гремио» (4-ші орын) және аргентиналық «Ривер Плейт» (5-ші орын) пен «Индепендьенте» (6-шы орын) командалары.
Ал қазақстандық клубтардың ішінен үздік нәтижені «Астана» көрсетті. Елордалық команда 1 886 ұпаймен 358 орынға жайғасқан. «Астана» италиялық СПАЛ, англиялық «Вест Бромвич» және түркиялық «Бурсаспор» командаларынан биік тұр. Қоржынында 355 ұпайы бар «Ертіс» 762-ші, ал «Қайрат» — 844-ші (181) сатыға табан тіреді.