Станимир Стоилов Венгрияға қарсы ойынға кімдердің қатыса алмайтынын айтты

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов Венгрияға қарсы ойынға қатыса алмайтын футболшыларды атап берді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

- Өкінішке қарай, Венгрияға қарсы ойында төрт бірдей футболшымыз жасыл алаңға шыға алмайды. Бізге Жуков, Логвиненко, Мужиков сияқты еуропалық деңгейде өнер көрсеткен ойыншыларымыз көмектесе алмайды. Сондай-ақ Лунин бар. Дәрігер Серікжан Мужиковқа ойнауға рұқсат берген. Алайда Германиядағы мамандар тәуекелге барудың қажеті жоқ екенен, жарақатын одан сайын асқындырып алатынын айтты. Сол себепті оны қайтарып жібердік. Бірінші кезекте футболшыларымның денсаулығын ойлауым қажет, — деді Стоилов.

Айта кетейк, Қазақстан құрамасы бүгін Венгрияға қарсы жолдастық ойын өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер