Бокс

Дычко Голливудтағы айқасының алдында салмақ өлшеді

Дычко Голливудтағы айқасының алдында салмақ өлшеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко (4-0, 4 КО) америкалық Стивен Кирнонмен (2-0, 1 КО) жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетсек, Дычко пен Стивен жекпе-жегі 23 наурызда Голливудтағы (штат Флорида, США) бокс кешінде өтеді.

29 жастағы Стивен Кирнон бұған дейінгі кәсіпқой рингтегі кездесуін 2016 жылдың 21 қаңтарында өткізген еді. Сол жолы боксшы жерлесі Уинфрид Бэйлиді жеңген болатын.

Осы бокс кешінде тағы бір қазақстандық боксшы Мұса Тұрсынғалиев рингке шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер