Бокс

WBC президенті Головкин туралы: Бұл біз білетін GGG емес

news-banner7
mobile-news-top

Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман тыйым салынған заттарды пайдалануына байланысты Сауль «Канело» Альвареске қатысты Геннадий Голвкиннің сынына түсініктеме берді. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі жазды.

«Біз Головкиннің бірінші рет боксшы ретінде әрекет еткенін көріп отырмыз. Әдетте, ол барлық кезде ешкімге, еш нәрсеге қатысты қарсы пікір білдірмейтін. Ол тергеу жүргізілуін талап етуге құқылы, алайда, мен оның кейбір мәселелерді шатастырып тұрғанын сеземін. Бұл біз білетін GGG емес. Канело қолдарына арнайы таңғыштар салынуына қатысты наразылықтар туралы білетінмін, бірақ, оның Альвареске қатысты «арсыз боксшы» ретінде айтып отырғаны туралы білген жоқпын.

Бұл осы уақыт аралығында жиналып қалған жабырқау мен шаршаудың белгісі болса керек. Ол бірінші жекпе-жекті алу үшін көп нәрсені құрбан етті, енді міне екінші кездесу. Головкин – осы спорт түріне көп еңбек сіңірген боксшы, ол үлгілі спортшы, алайда, ол да «жарылды», онымен мұндай бұрын болған емес. Жақын уақытта бұл әңгіменің барлығы тоқтап, оның осы кездесуін ешкім тартып алмайды деп үміттенемін. Бірақ, шешімді Невада атлетикалық комиссиясы қабылдайды», - деді Сулейман.

Еске сала кетейік, Альварес өз отанында кленбутеролге тапсырған тест нәтижесі оң болып шықты. Оның командасы бұл бұзылған ет жегенінің салдарынан болды деп түсіндірген. Келесі үш допинг-тестті АҚШ-та тапсырып, қорытындысы оның таза екенін көрсеткен болатын. Альварестің допинг ісі бойынша тергеуді NSAC жүргізіп жатыр, бірақ әлі шешім шығарған жоқ.

Головкин мен Альварестің екінші кездесуі 5 мамыр күні өтеді. Жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile алаңында болады деп белгіленген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер