Басқа

Танымал спортшылар ел халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Танымал спортшылар ел халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның танымал спортшылары ел халқын Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спортшылардың видеожазбадағы құттықтауы ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

Грек-рим күресінің шебері Демеу Жадыраев күн мен түн теңелген Наурыз мейрамында барша Қазақстан халқына бақ пен береке тіледі.

Өз кезегінде шаңғышы Анна Шевченко еліміздегі әр отбасында бейтшілік пен жақсылық болуына тілекші екенін жеткізді.

«Осы керемет мейраммен барша Қазақстан халқын құттықтаймын. Жаңа жылда жаңа бастамалар болсын. Ешқашан мойымай, тек алға жылжу керек. Баршамызда жақсы көңіл-күй болсын», - деді белгілі спортшы Денис Тен.

Ал дзюдошы Елдос Сметов жаңа жылда жаңа табыстар мен жетістіктерге жетіп, еліміздің абыройы әрқашан асқақтай беруін тіледі.

Сонымен қатар қазақстандықтарды мерекемен Гюзель Манюрова, Александр Зайчиков, Василий Левит, Дмитрий Рейхерд, Денис Кузин, Федор Мезенцев, Жанбота Алдабергенова, Дмитрий Баландин, Алексей Полторанин, Абзал Әжғалиев, Зарина Дияс және басқа да бірқатар спортшылар құттықтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер