Бокс

Головкин: Қайдағы ет? Альварес допингті әдейі қабылдады

Головкин: Қайдағы ет? Альварес допингті әдейі қабылдады
news-banner7
mobile-news-top

Әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің келесі қарсыласы Сауль Альваресті допинг қабылдады деп айыптады.

Ақпанда Альварестің қанынан допинг табылған. Алайда наурыздағы допинг-сынамаларда тыйым салынған препарат табылған жоқ. Альварестің командасы допинг Канелоның қанына бұзылған ет арқылы кіріп кетті деп айтқан еді.

«Қайдағы ет? Альварес, оның командасы мен промоутері допингті әдейі қабылдады. Мұның бәрі жазатайым болды деп бәрімізді алдағысы келеді. Саульдің бұлшық еттері өсіп, ине іздері көрінгенде оның тыйым салынған препарат қолданатыны белгілі болған. Сауль Альварес пен Оскар де ла Хойя пасық спортшылар, оларды «алдау детекторына» тексеру керек», - деді Головкин.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы рематч 5 мамырға жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер