Әлем футболы

«Барселона» Иньестаны командада алып қалмақ

«Барселона» Иньестаны командада алып қалмақ
news-banner7
mobile-news-top

Каталондық «Барселона» Андрес Иньестаны келесі маусымда командада алып қалуға тырысады

Мансабының соңына дейін жасалған келісімшарт бойынша 33-жастағы футболшы 30-шы сәуірге дейін командадан кетуге құқылы. Осы себепті «Барселонаның» президенті Жозеп Бартомеу мен бас бапкері Эрнесто Вальверде Ұлттық құрамалардың ойынына байланысты болатын алдағы кішігірім үзіліс кезінде Иньестамен келіссөз жүргізбек. «Барселона» қайткен күнде де капитанды командада алып қалуға бар күшін салады.

Айта кетейік, Андрес Иньеста жазда қытайлық «Тянцзинь Цюаньцзянь» командасына ауысуы мүмкін деген сыбыстар шыққан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер