Бокс

Альварес допинг қолданды деп айыптаған Головкинге балағат сөздер жаудырды

news-banner7
mobile-news-top

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес допинг қолданды деп айыптаған оппоненті Геннадий Головкинге дөрекі түрде жауап берді, деп жазады ҚазАқпарат.

Инстаграмның «тарихтар» бөлімінде Альварес жаттығу барысынан видеоүзінділерді орналастырып, астына балағат сөздері бар жазбалар қалдырған. Головкинге арналған бұл посттар, сондай-ақ «Канелоның» мүддесіне өкілдік ететін Golden Boy промоутерлік компаниясының аккаунтында жарияланды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, WBA/WBC/IBF/IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин 2017 жылдың 16 қыркүйегінде өткен алғашқы жекпе-жекте оның қарсыласы Сауль Альварес тыйым салынған заттардан «таза» болғанына күмән келтірген болатын.

Сондай-ақ Головкин допинг дауынан кейін «Канелоға» айқасуға тыйым салынса, келесі жекпе-жегін кіммен өткізетінін айтты.

Еске салайық, наурыз айының басында Сауль Альварестен алынған допинг сынамалардың бірінен тыйым салынған препарат табылды. Оның мүддесін қорғайтын Golden Boy промоутерлік компаниясы боксшының қан құрамынан тыйым салынған препарат - Кленбутерол табылғаны туралы ақпаратты растаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер