«Ақтөбе» «Қайратпен» әлі келіспеген

news-banner7
mobile-news-top

«Ақтөбе» ҚКФЛ мен «Қайрат» футбол клубына өз алаңында өтетін ойынды ауыстыруға өтініш жасады.

«Клубтың баспасөз-қызметі осының алдында жарияланған жаңалықта «Қайрат» футбол клубымен тур ойындарының алмасуын болған факт ретінде хабарлап, асығыстық танытып қойды. «Ақтөбе» ФК Орталық стадионда ойын өткізу мүмкін болмағандықтан және басқа қосалқы алаңның болмауы себепті Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы мен «Қайрат» футбол клубына «Ақтөбе» - «Қайрат» ойынын басқа қалаға ауыстыру туралы өтініш жасаған еді. ҚКФЛ мен «Қайрат» ФК түсіністік танытады деп үміт етеміз. Жанкүйерлерден, «Қайрат» пен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасынан кешірім өтінеміз», - деп жазды клубтың баспасөз-қызметі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер