Ақтөбенің Орталық стадионында ресми ойындарды өткізуге тыйым салынды

Ақтөбенің Орталық стадионында ресми ойындарды өткізуге тыйым салынды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан футбол федерациясының және Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының бірлескен комиссиясы Ақтөбе қаласының Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионды тексерістен өткізді.

Тексеріс барысында ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты алаңның табиғи төсеніші ресми ойындарды қабылдауға дайын еместігі анықталды.

Жиналған мәліметтерді пайдалана отырып, алаңдарды тексеру Бірлескен комиссиясы ҚФФ және ҚКФЛ аясында өтетін барлық ресми ойындарды Ақтөбе қаласының Орталық стадионында мәселелер шешімін таппағанша өткізуге тыйым салынды.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы алаңдарды тексеру комиссиясы Ақтөбе қаласындағы жасанды төсеніші бар ОДЮШОР стадионында ресми ойындарды өткізуге тыйым салынған. Бұл шешім әлі күнге дейін алынбаған.

Қазақстан чемпионатының 3 тур аясында өтетін "Ақтөбе"-"Қайрат" матчы Алматыда өтетін болды. Бұл кездесу 1 сәуірге жоспарланып отыр. Тиісінше, екінші айналымдағы матч Ақтөбеде ойнатылады.

Түпнұсқасы: pflk.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер