Бокс

Промоутерлік компанияның президенті Головкинге сес көрсетті

news-banner7
mobile-news-top

Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес мексикалық Сауль "Канело" Альвареске бірінші жекпе-жек алдында допинг қолданды, деп айып таққаны үшін қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге қарсы шара қолданатынын айтып, сес көрсетті, деп жазды kaz.tengrinews.kz.

Наурыздың басында Альварестің өз отанында екі рет тест тапсырып, кленбутеролдың табылғаны анықталды. Мексикалықтың командасы оның себебі зарарлы ет жегеннен деп түсіндірді. Одан кейінгі үш допинг-тесттен "Канело" өткен болатын. Кеше Головкин маңызды мәлімдеме жасады, оның айтуынша, бірінші жекпе-жектің алдында Альварестің бұлшықеттерінде иненің іздері болған. Сонымен қатар, ол Альварес пен Оскар Де Ла Хойяны өтірікшілер деп атады.

"Ол анық көрініп тұрды, оның бұлшықеттерінде иненің іздері болды. Оның суреттерін алып, дәрігерден сұраңыздар", - деді GGG.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер