Just Wrestling
Күрес

Қазақстан чемпионатының алғашқы күн нәтижелері

Қазақстан чемпионатының алғашқы күн нәтижелері
news-banner7
mobile-news-top

21 наурыз күні Ақтөбе қаласында «Жекпе-жек» спорт сарайында еркін және әйелдер күресінен 1998 – 2000 ж.т. жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты бастау алды.

Чемпионаттың алғашқы күнінде әйелдер күресі бойынша 10 салмақ дәрежесінде 80-ге жуық қыз балалар боз кілемге шығып, өзара бақ сынасты.

«Ақтөбедегі ел біріншілігі жоғары деңгейде өтуде, ұйымдастырылуы өте ерекше, үлкен дайындықпен өткізіліп жатқаны көрініп тұр. Сондықтан да ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды жеткізгім келеді. Керемет спорт кешен, өте ыңғайлы, жылы зал барлығы ерекше ұнап отыр. Менің ойымша, тіпті бұл кешенде Әлем және Азия чемпионатын да өткізуге болады. Осындай залдардың көмегімен Ақтөбеден Әлем және Олимпиада ойындарының чемпиондары пайда болып, күрес одан әрі танымал болады деп ойлаймын. Айта кетейін, Ақтөбе қаласында осы жылдың жаз айларында республиканың барлық аймақтарынан командалар шақыртып, оқу-жаттығу жиындарын және шеберлік-сабақтарын өткізу бойынша облыстық спорт басқармасымен келісімге келіп отырмыз»,- деп атап өтті әйелдер күресінің вице президенті, үш дүркін Олимпиада ойындарының жүлдегері Гузель Манюрова.

Сонымен қатар, жарыстың бірінші күнінде Гузель Манюрова және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрлыбек Жүсіпов әйелдер күресінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттап, спортшыларға алдағы уақытта әлемдік додаларда топ жаруларына тілектестік білдірді.

Назарларыңызға әйелдер күресінен 1998 – 2000 ж.т. жастар арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімін ұсынамыз:

50 келі:
І Икрамова Наргиз (Қарағанды обл)
ІІ Жеңісқызы Мадина (Алматы қ.)
ІІІ Қыстаубаева Зина (Қызылорда обл)
ІІІ Туганбаева Аяулым (ОҚО)
___________________
53 келі:
I Махиядинова Эллада (Ақмола обл)
II Альмаганбетова Лаура (Қостанай обл)
III Нұрлан Гулсамал (Ақтөбе обл)
III Сагымбай Асылзат (Қызылорда обл)
________________________
55 келі:
I Суйдуова Айжан (Алматы обл)
II Ниязбек Ұлдана (ОҚО)
III Аждар Асел (Қызылорда обл)
III Жолдасбек Айгерім (ОҚО)
________________________
57 келі:
I Асанова Жанерке (Алматы қ.)
II Петренко Елена (Алматы қ.)
III Нурмухаметова Куралай (ШҚО)
III Даулетбак Құндыз (Алматы) обл
____________________
59 келі:
I Фирстова Екатерина (СҚО)
II Кузнецова Ирина (Ақмола обл)
III Каюмова Диана (Алматы обл)
III Абдыкаримова Роза (Павлодар обл)
_____________________
62 келі:
I Темиртасова Айна (Ақмола обл)
II Капитанова Ирина (Ақмола обл)
III Кенжеболатова Ұлжан (Қызылорда обл)
________________________
65 келі:
I Қайыргельдинова Альбина (Ақмола обл)
II Мұқатай Гаухар (Алматы қ.)
III Бухаева Гулсезім (Ақтөбе обл)
III Шарибекова Индира (Қостанай обл)
__________________
68 келі:
I Гончарова Валерия (Қарағанды обл)
II Моисеенко Карина (Ақтөбе обл)
III Матвейкина Карина (СҚО)
_________________________
72 келі:
I Жаппарова Гулназ (Алматы обл)
II Кель Диляра (Ақтөбе обл)
III Чумакова Анастасия (Ақтөбе обл)
____________________________
76 келі: I. Абирова Айнагуль (Қарағанды обл)
II. Жанатева Іңкәр (Қарағанды обл)
III. Тыныбекова Гулдерайым (БҚО)

Авторы: Сара Амангелдиева

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер