Футзал

Сүлейменов: Ұлттық құрамадағы жолымды жастарға берсем деймін

Сүлейменов: Ұлттық құрамадағы жолымды жастарға берсем деймін
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасы мен«Қайрат» клубының капитаны, спорт шебері Дінмұхамбет Сүлейменов ақпараттық және спорттық ХАБ журналисінің сұрақтарына жауап беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Жақында ол өз ұжымымен Еременко Кубогын жеңіп, оны аула командалар арасындағы футбол лигасының ашылу салтанатында таныстырған болатын.

- Бұл спорттық шараға біз осымен екінші рет қатысып отырмыз. Ризамыз, себебі қала әкімдігі біздің жастарға жақсы көңіл бөліп келеді. Ол дегеніміз біріншіден, салауатты өмір салты, ал, ең бастысы жастар спортпен шұғылдануда. Мен ол істі, әрине қолдаймын. Бізді шақырып отырғандарыңызға рахмет. Бәріміз де кезінде осындай ауладан бастаған болатынбыз. Кім біледі, мүмкін осы қатысушылардың арасында болашақ жұлдыздар да доп теуіп жүрген болар. оларға тек сәттілік тілегім келеді.

- Өзіңіз футболға қалай қызықтыңыз?

- Әкеме алғыс айтамын. Ол кісі өзі әуесқойлар арасында футболға баратын. Ал мені үнемі ертіп жүретін. Әкем менің футболшы болғанымды қалады. Содан мен үшінші сыныптан бастап осы спортпен айналыса бастадым.

- Содан кейін футзал қызық болып кетті ме?

- Иә. Мен футзалға 17-і жасымда бардым. Біздің Ақтауда ол кезде үлкен футболда көптеген өзгерістер болды. Біз кішкентай болған соң футзалға барып көріңдер деп үлкендер ақыл айта бастады. Содан біз сол кісілерді тыңдап ауысып кеттік. Артынша бәрі ұнап кетті.

Сулейменов: Какау был великим игроком и стал великим тренером

- Қазақстандағы қазіргі футзалға қандай баға бересіз?

- Әрине, бәрі жақсы болғанын қалаймын. Біздің чемпионатта командалар аз. Бірақ арасында бір біріне сай өсіп келе жатқан 4 команда бар.

- Футзалға деген жастардың қызығушылықтары қалай?

- Біздің халықаралық дәрежедегі ойындарымызды көріп, нәтиже көресте бастаған соң жастардың қызығушылықтары артуда. Ол әрине бізді қуантады.

- «Қайрат» командасында қандай жоспарлар бар?

- Қазір бізде чемпионаттың плей-офф кезеңі басталады. Осы чемпионатты ұтсақ дейміз.

- Сіз ұлттық құрама үшін енді өнер көрсетпейсіз бе?

- Осы жақында өтетін әлем чемпионатына өтсек, Ұлттық құрама үшін ойнаймын. Ал 4 жылдан кейін өтетін Еуро мен үшін қиын болмақ, сондықтан өз жолымды жастарға берген дұрыс деп ойлаймын.

- Біздің білуімізше сіздің екі ұлыныз бар. Олардың футзалмен айналысқанын қалайсыз ба?

- Олар қазір «Қайрат» футзал клубын академиясында өнер көрсетіп жүр. Кім болатындары әлі белгісіз. Олар 13 жасқа келген соң өз таңдауларын жасай жатар. Ал қазірше шағын футбол олар үшін пайдалы, себебі кішкентай жерде жүріп олардың ойлау қабілеттері артып, техникалары өседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер