Қысқы

Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатына қатысады

news-banner7
mobile-news-top

Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Италияда өтетін әлем чемпионатында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Италияның Милан қаласында өтетін спорттық додада қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева бағын сынайды.

Әлем чемпионаты 21-24 наурыз аралығында өтеді. Сонымен қатар, спорттық бәсекеге Абзал Рақымғалиев қатысады.

Еске сала кетсек, Элизабет Тұрсынбаева жасөспірімдер арасында өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Сонымен қатар, 2017 жылы Жапонияда өткен Азия ойындарының да қола медалін еншілеген.

Айта кетейік, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Пхенчхандағы Олимпиада-2018 ойындарында қысқа бағдарламада өнер көрсеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер