Теннис

Надаль 2005 жылдан бері анестезиялық дәрі қолданады

news-banner7
mobile-news-top

спаниялық Рафаэль Надаль әлем спортының тарихында үздік теннисші ретінде қалмақ. 16 рет Үлкен дулыға турнирлерін жеңіп алған ол денсаулығы үшін алаңдаулы. 2005 жылдан бері ауруды уақытша басатын анестезиялық дәрілердің күшімен жүрген спортшы әбден шаршаған. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның ағасы, кәсіби спорт саласындағы жаттықтырушысы Тони осы аптада Рафаэльдің денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады.

«Ол маған өз денсаулығының құрдымға кетіп бара жатқанын көп рет айтқан болатын. Рафаэль өз жеңістерінің саны көп, ал ауырған күндерінің саны одан да көп екенін айтады», - дейді Тони Надаль.

Жарыс және жаттығу кезінде алған жарақаттары спортшының денсаулығын нашарлатқан. Оның тізесі, аяғы, саны қатты ауырады. 2014 жылы аппендицитті алдырту үшін және жамбас сүйегі отасын жасатқан. Бұл жарақатын Аустралиядағы Ашық чемпионат кезінде алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер