русский язык
Велоспорт

Даниил Фоминых пен Валентин Иглинский 2014 жылы «Астана» намысын қорғайды

Даниил Фоминых пен Валентин Иглинский 2014 жылы «Астана» намысын қорғайды

2014 жылы «Астана» сапына тағы екі шабандоз  қосылады. 22 жастағы Даниил Фоминых биылғы маусымды  «Continental Team Astana» сапында өткізіп, Еуропа жолдарымен өткен велосындарда біршама тәжірибе жинақтады. Ал Валентин Иглинский  бір жыл  францияның  «Ag2r-La Mondiale» ұжымында өнер көрсетіп, қазақстандық командаға қайта оралды.

«Фоминых әлемдік деңгейдегі шабандоздар қатарына енуге  шамасы келетінін бірнеше рет көрсетті. Әлем біріншілігінде үздік ондықтың қатарында болып, Цинхай өзені турында тұғырға көтерілді. Ол қарқынды күшейте алатын шабандоздардың бірі, сондықтан ол бұл дарынын жаңа командада әрі қарай дамытады дегенге сенеміз», – деді   Винокуров.

«Біз Валентинді команда сапында қайта көргенімізге қуаныштымыз. Көктемгі классиктердің кезегі келгенде Валентин ағасы Максимнің жанынан табылып, әр дайым пелотон басынан көрінеді деп үміттенеміз», – деді  Александр.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;