Елдос Сметов IJF рейтингінде жоғары көтерілді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызХалықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Екатеринбургте өткен әлемдік «Grand Slam» турнирінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты, деп жазады Prosports.kz сайты дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңартылған рейтингке сәйкес, жарыс Чемпионы Елдос Сметов 2023 ұпаймен 32-орыннан 21-орынға көтерілді.
Қазақстандық дзюдошылар IJF рейтингінде келесідей орналасқан (1-50):
60 кг
Ғұсман Қырғызбаев – 7 (3358)
Елдос Сметов – 21 (2023)
Рустам Ибраев – 48 (695)
66 кг
Елдос Жұмақанов – 12 (2630)
Азамат Мұқанов – 44 (877)
Ерлан Серікжанов – 49 (840)
73 кг
Жансай Смағұлов – 10 (2836)
90 кг
Ислам Бозбаев – 11 (2576)
-100 кг
Максим Раков – 25 (1409)
Виктор Демьяненко – 43 (865)
+100 кг
Ержан Шынкеев – 47 (743)