Бокс

Головкин-Альварес жекпе-жегін алты айдан кейін өткізуді ұсынды

Головкин-Альварес жекпе-жегін алты айдан кейін өткізуді ұсынды
news-banner7
mobile-news-top

Boxingnews24.com сайтының журналисті Крис Уильямс Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33) Саул Альварестің (49-1-2, 34 КО) алдағы болатын екінші жекпе-жегі туралы айтты.

Ол мексикалық боксшының оң допинг сынағына байланысты, рематчы бұл мәселе толық шешілгеннен кейін өткізу керек деп отыр. Бұл туралы Stan.kz-ке сілтеп, Prosports.kz сайты хабарлады.

«Невада атлетикалық комиссиясы Канелоны кінәсіз деп таныса да, кленбутеролдан пайда болмайтынына көз жеткізу үшін екі боксшы арасындағы реваншты жаздың соңына дейін кейінге қалдыру керек. Менің ойымша бәрі әділетті болу үшін осылай жасаған дұрыс. Сонымен қатар, Канело осы сәттен бастап жазға дейін немесе қыркүйекке дейін үнемі допинг-сынамадан өтіп тұруы тиіс. Егер ол қазірден бастап сынақ тапсыра бастаса, онда ол осы кленбутеролдың сегіз апталық циклін бастай алмайды. Қазір ол Головкиннен әлеуетті артықшылыққа ие болуы мүмкін. Сондықтан препараттың іздері толығымен жойылып кетуін қамтамасыз ету үшін реванш төрт немесе алты айға кейінге қалдырылуы тиіс. Головкин Канелоны лагерьге дейін тексеруді талап етуі керек. Сол кезде ғана допинг қолданған алаяқпен күреспейтініне сенімді болады. Бұл ұсынысты тастау себебім-екі спортшының арасындағы жекпе-жектің таза өткенін қалаймын»,- дейді автор.

Айта кетейік, қазақстандық былғары қолғап шебері Головкин мен мексикалық боксшы Канелоның арасындағы кезекті жекпе-жек ағымдағы жылдың 5 мамырында Лас-Вегаста өтеді деп бекітілген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер