Баскетбол

«Алматылық Легион» жоғарғы лиганың жеңімпазы атанды

news-banner7
mobile-news-top

«Легион» үшін петропавлдық «Барспен» матч өте маңызды, өйткені оларды ұтқан жағдайда алматылық команданың бірінші орынды нығайтуға мүмкіндіктері болар еді. Ал «Барс» үздік төрттікке іліну үшін бәстесуде, оларға да бұл матчта жеңіс өте қажет. Матчтың нәтижелеріне көшпей тұрып, айта кетер жайт, осы маусымда тек петропавлдықтар ғана алмалықтырдан басым түскен, бұл матч Алматыда өткен болатын.

Алғаш доп қарсыластар тарапынан салынғанымен, олардың біріншілігі ұзаққа созылған жоқ. Алматылықтар басымдық танытып, алға ұмтылды. «Барс» есепті теңестіруге тырысқанымен, ештеңе шықпады. Алматылық ұжым бұған дейінгі қателіктерін ескере отырып, ойынның бірінші жартысынан-ақ жеңіске жету үшін барлығын жасады. Он минуттың нәтижесі бойынша Олег Киселев шәкірттері қарсыластарын 32:16 есеппен жеңді. Екінші кезеңде қарсыластардың алматылық баскетболшыларды жеңуге мүмкіндіктері қалған жоқ, үміттері де үзілді. Осылайша, ойынның бірінші жартысы «Легион» командасының пайдасына 57:35 есебімен аяқталды. Үшінші кезеңде қарсыластар ұпай айырмасын қысқартуға тырысты, бірақ «Легион» да өз жауабын қайтарды. Петропавлдықтар біраз доп соғып, ұпай қосқанымен, алматылықтар өз басымдығын сенімді ұстап отырды. Отыз минуттан соң, нәтиже келесідей болды – 55:81. Соңғы кезең ерекше бір нәтижелермен есте қалған жоқ, екі команда 13 ұпай, 7«Барс» және 6«Алматылық Легион». Осылайша, ойын 87:62 алматылық баскетболшылардың жеңісімен өз мәресіне жетті.

«Алматылық Легион» сапынан үздік ойыншы атанғандар: Руслан Айтқали (дабл-дабл – 15 ұпай), Вадим Фабрикантов (15 ұпай), Всеволод Фадейкин (13 ұпай), Андрей Литвиненко және Вячеслав Рагуев (11 ұпайдан).

Осылайша, чемпионаттың қорытындысы бойынша, «Алматылық Легион» көш басында. Ал тұрақты чемпионаттың чемпионы өз алаңында плей-офф ойындарын өткізуге құқығы бар. Осыған орай, сәуірдің 14-і мен 20-ы аралығында баскетболдан финалдық кезең Алматыда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер