русский язык
Хоккей

«Барыстың» бүгінгі қарсыласы – «Сибирь»

«Барыстың» бүгінгі қарсыласы – «Сибирь»
Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін елордалық «Барыс» командасы бүгін сырт алаңда «Сибирь» командасымен кездеседі.
 
Айта кетейік, бүгінде «Барыстың» еншісінде 37 ұпай бар. Осы уақытқа дейін ол 16 кездесу өткізіп, соның он үшінде жеңіске жеткен. Новосібір облысының хоккей клубы да осал команда емес. Ресейлік құрама 16 ойында он бір мәрте жеңіс тұғырынан көріне білді. Қазір оның еншісінде 30 ұпай бар. «Барыс» жалпы турнирлік кестеде 4-ші орында орналасса, «Сибирь» командасы 8-ші орында келеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;