Бокс

Иван Дычконың қарсыласы белгілі болды

news-banner7
mobile-news-top

Кәсіби боксқа көшкен қазақстандық спортшы Иван Дычконың келесі шайқастағы қарсыласы анықталды. 27 жастағы ауыр салмақты қазақстандық спортшы 29 жастағы американдық Стивен Кирнонмен жұдырықтасады.

BoxRec.com сайтының мәліметіне сай, Стивен Кирнон бокс алаңана соңғы рет өткен жылдың қаңтар айында шыққан екен. Ол американдық Уинфрид Бэйлиді жеңген болатын. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ал бұған дейін әуесқой бокста болған Иван Дычко өткен жазда кәсіпқойға көшті. Қазақстандық былғары қолғап жебелі кәсіби бокстағы алғашқы кездесуінде қарсыласы Эйбур Райтты бірінші раундта нокаутпен құлатқан. Қазір 27 жастағы Иван Дычконың кәсіби бокстағы қоржынында төрт жеңіс бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер